Accessibility links

Amnesty International: 2009 жылы Еуропада өлім жазасы болған жоқ


2009 жылы Еуропада, соңғы 19 жылда алғаш рет, өлім жазасы тіркелмеді деп хабарлады «Amnesty International» халықаралық адам құқығын қорғау ұйымы.

Ұйымның баяндамасында он жылдан астам уақыт бойы Ресей мен Украина жазаның ең қатал түрін қолданбағандығы, ал Белорусь, Қазақстан, Өзбекстан және Тәжікстан соңғы 10 жылда шамамен 130 адамды өлім жазасына кескендігі атап көрсетілді.

Адам құқығын қорғаушылар осы жылы наурызда Белоруссияда екі адам өлім жазасына кесілгендігіне алаңдаушылық білдіріп, ел президенті Александр Лукашенконы елде өлім жазасына мораторий енгізуге шақырды.
XS
SM
MD
LG