Accessibility links

Мәскеуде бүгін құрбандарды аза тұту күні


Мәскеу метросындағы қастандықтардан қаза тапқандардың саны 39-ға жетті. Соңғы мәлімет бойынша, Мәскеу ауруханаларында 71 адам жатыр. Сейсенбіде Ресейдің Төтенше жағдайлар бойынша министрлігі күні хабарлағандай, оның ішінде бірнеше кісі ауыр халде.

Сейсенбі – Мәскеуде осы құрбандарды аза тұту күні. Метроның «Лубянка» және «Парк культуры» бекеттерінде мемлекеттік жалау түсірілді. Телеарналарда ойын-сауық бағдарламалары тоқтатылды.

Дүйсенбі күні кешкісін ондаған Мәскеу тұрғыны мен қала қонақтары қастандық болған метро бекеттеріне гүл шоқтары мен шырағдандар қоя бастады.

Ресей президенті Дмитрий Медведев қайғылы оқиға болған «Лубянка» бекетіндегі жерге гүлшоғын қойып, қастандықты ұйымдастырушылардың көздері жойылады деп мәлімдеді.
«Терроризм» бабы бойынша қылмыстық іс тергелу үстінде.
XS
SM
MD
LG