Accessibility links

«Үлкен сегіздік» Мәскеу метросындағы терроризмді айыптады


«Үлкен сегіздіктің» сыртқы істер министрлері дүйсенбі күні таңертең Мәскеу метросында болған террористік қастандықтарды ащы айыптады.

Министрлердің Канаданың Квебек өлкесіндегі Гатино қаласындағы 2 күндік бас қосуында қаза болғандардың туыстарына көңіл айтқан және жапа шеккендерге қолдау білдірген мәлімдеме қабылданды.

Одан бұрын Мәскеу метросындағы террористік қастандықты НАТО, ЕуроОдақ пен АҚШ және өзге де жетекші елдердің басшылары айыптаған болатын.
XS
SM
MD
LG