Accessibility links

Сербия мұсылман қырғыны үшін кешірім сұрауы мүмкін


Сейсенбі күні Сербияның парламентінде 1995 жылы Сребреница қаласында босниялық мұсылмандарды жаппай қырғаны үшін ресми кешірім жолдау туралы мәселені талқылау басталды.

Билік басындағы коалициямен келісілген осы қарардың жобасында құрбандардың туыстарына көңіл айтылады және Босния сербтерінің әскері мен әскери құрамаларының 8 мыңдай мұсылман ері мен ұлын жаппай қыруына бөгет жасалмағаны үшін ресми кешірім сұралады. Алайда құжатта геноцид жөнінде сөз жоқ.

Сербияның ұлтшыл партиялары құжатта 1990-жылдардың ортасында мұсылмандар мен хорваттар істеген қылмыстарды да тізіп келтурі керек деп, қарардың жобасына қарсы шықты.

Сербиядағы азын-аулақ мұсылман қауымның жетекшілері де қарардың жобасына қарсы. Олар қарарда Сребреницадағы жаппай қырғынның Еуропадағы ІІ-дүниежүзілік соғыстан кейінгі адамзатқа жасалған ең ауыр қылмыс – геноцид екенін мойындау қажет деп есептейді.
XS
SM
MD
LG