Accessibility links

АҚШ адмиралы қысқа сапармен Ауғанстанға барды


АҚШ қарулы күштерінің штаб бастықтары біріккен комитетінің төрағасы адмирал Майк Маллен қысқа сапармен Ауғанстанның оңтүстігіне келді.

НАТО басқаратын халықаралық күштердің өкілі хабарлағандай, адмирал тәліптерге қарсы ауқымды шабуыл операциясының орталығы орналасқан Гильменд өлкесіндегі Марджа қаласына барады.

Оның алдында ғана НАТО күштері Ауғанстанның Кандагар қаласындағы тәліптердің шебіне қарсы көптен бері жоспарлған шабуылын маусым айында бастайтынын хабарлаған болатын.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG