Accessibility links

Мәскеуде метродағы қастандық бойынша 3 күдікті ізделуде


Ресейдің құқық сақшылары Мәскеу метросындағы жарылыстарға қатысы бар деген 3 күдіктіні іздестіру үстінде.

Милицияның барлық бөліміне сыртқы бақылаудың бейнекамераларын мұқият зерттегеннен кейін жасалған 2 әйел мен 1 ердің фотосуреттері жіберілді.

Федералдық қауіпсіздік қызметінің негізгі жорамалы бойынша, жарылыстарды 2 жанпидашыл-әйел жүзеге асырды.

Жорамалға сәйкес, қастандықты ұйымдастыруға чешен сепаратистерінің көсемі Доку Омаров бастаған топтың қатысы бар.

Сейсенбі күні Мәскеуде аза тұту күні болды.

Мәскеу метросының «Лубянка» және «Парк культуры» бекеттеріндегі поездарда болған қастандықтан қаза тапқандардың саны 39-ға жетті, 33-інің аты-жөндері анықталды. Ауруханаларда жапа шеккен 71 адам жатыр.
XS
SM
MD
LG