Accessibility links

Қазақстан 2010 жылы запастағы 406 офицерді әскер қатарына шақыртпақ


2010 жылы Қазақстан әскер қатарына 406 запастағы офицерді шақыртпақ. Үкімет осыған сәйкес қаулыны бүгін ресми ақпарат құралдарында жариялады.

Қаулыға сәйкес, запастағы офицерлердің 10 – мотоатқыштар әскеріне, 10 – танк әскеріне, 90 – артеллеристер, 70 – офицер ҰҚК шекара қызметіне, 65 – байланыс, 32 – әуе шабуылына қарсы қорғаныстың радиотехникалық әскеріне, 28 – медициналық қызметке, 10 – зенитті-ракеталық әскерге, 10 – метеорологтар, 7 – ракета-артиллериялық қарулану және 26 – офицер төтенше жағдайлар министрілігіне шақыртылып отыр.

Қаулы ресми жарияланғанан күннен бастап он күннен кейін өз күшіне енеді.

Айта кету керек, Қазақстанда 1-сәуірден бастап мерзімді әскери қызметке шақыртудың көктемгі кезеңі басталады.
XS
SM
MD
LG