Accessibility links

Нью-Йоркте Гаитиге көмектесуді көздеген халықаралық конференция өтеді


Бүгін Нью-Йоркте орналасқан БҰҰ штаб-пәтеріне жүзден аса мемлекеттің өкілдері жиналады. Олар Гаитидегі зілзаладан зардап шеккендерге арналған конференцияға қатысады.

Кездесуге қатысушылар Гаитиге комек қорына шамамен 4 миллиард доллар қаржы жинауды жоспарлап отыр. Конференция Гаити президенті Рене Преваль, БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мун және АҚШ мемлекеттік хатшысы Хилари Клинтонның төрағалығымен өтеді.

Биылғы жылдың 12 қаңтарында болған жойқын жер сілкінісінен Гаитиде 220 мың адам қаза болып, миллионнан астам адам баспанасыз қалды.

AzattyqTV

Астанадағы зират

Элитаға пантеон керек пе?

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG