Accessibility links

Қарағанды облысында «күнделікті қадағалау» режимі енгізілді


Қарағанды облысында тасқынға қатысты ахуалдың күрделене түсуіне байланысты қадағалау режимі күшейтілді. Сәрсенбі күні осыған қатысты ақпарат таратқан Қарағанды облыстық төтенше жағдайлар департаменті облыста «күнделікті қадағалау» режимі енгізілгендігін хабарлап отыр.

Ақпаратқа сәйкес, әкімдіктерде, төтенше жағдайлар жөніндегі басқармалар мен аудандық бөлімшелерде штабтар құрылып, тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды. Төтенше жағдайлар департаментінің облыстық штабына аумақтағы оперативтік ахуал туралы ақпарат тәулігіне екі рет берілуде.

Табиғат пайдалану басқармасының алдын-ала ақпаратына сәйкес, Қарағанды облысында сол маңға таяу жатқан елдімекендерге қатер төндіруі мүмкін 42 су қоймасы мен гидротехникалық құрылғылар бар.

Көп жылғы бақылау мәліметтеріне сәйкес, тасқын маусымында 15 мыңдай адам тұратын 63 елдімекенді жарым-жартылай немесе толық су алу қаупі бар деп хабарланып отыр.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG