Accessibility links

Су тасқынынан зардап шеккен Ақсу ауданы әкімінің орынбасары ұсталды


Су тасқынынан зардап шеккен Алматы облысы Ақсу ауданы әкімінің орынбасары Берік Тынышбаев сейсенбі күні ұсталды, қазір ол уақытша қамау орнында отыр. Бұл туралы сәрсенбі күні Қазақстан ішкі істер министрлігінің баспасөз хатшысы Қуанышбек Жұманов мәлімдеді.

Оның сөзінше, ІІМ тергеу тобы өзге де мемлекеттік органдардағы лауазымды тұлғалардың қызметтік жауапкершілігіне қатысты мәселені қарауда.

Наурыздың 11-нен 12-не қараған түні бөгеттің жарылуынан Ақсу ауданының Қызылағаш ауылын су шайып кеткен болатын. Ресми деректер бойынша, тасқын салдарынан 44 адам қаза тауып, бір адам хабарсыз кеткен деп жарияланып отыр.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG