Accessibility links

Мәскеу метросында қаза болғандарды жерлеу басталды


Бүгін Мәскеу маңы мен Калуга қаласында 29 наурыз күні Мәскеу метросында болған қастандықтың алғашқы құрбандарын жерлейді. Хабарға қарағанда, қаза тапқан Мәскеу тұрғындары бейсенбі күні жерленуге тиіс.

Қаза тапқан 39 адамның ішінен екеуінің аты-жөндері әлі анықталмады.

Соңғы мәліметке қарағанда, 95 адам түрлі жарақат алып, олардың 76-сы Мәскеу ауруханаларында, көбісі ауыр халде жатыр.

Тергеудің жорамалы бойынша, бұл қастандықтарды жанпидашыл әйелдер іске асырды.
XS
SM
MD
LG