Accessibility links

Ауған президенті көтерілісшілермен келіссөз өткізді


Ауғанстан президенті Хамид Карзай сейсенбі күні көтерілісшілердің «Хизб-и-Ислами» деп аталатын ірі тобымен келіссөзінің бірінші сатысын аяқтады.

Ресми Кабулдың хабарлауынша, Ауғанстанды бітімге жеткізудің проблемалары бойынша мамыр айына белгіленген 3 күндік конференцияға дейін тараптар келіссөзді жалғастыруға уағдаласты.

Президент Карзайдың кеңсесі конференцияға Талибан қозғалысының сабырлы өкілдерінің де шақырылғанын хабарлады. Жалпы 3 күндік форумға ауған қоғамының түрлі ру-тайпасы мен тобының 13 мыңнан астам өкілі және 200 шетелдік қонақ қатысады деп жоспарланып отыр.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG