Accessibility links

Кизлярдағы жарылыс құрбандары 12-ге жетті


Дағыстанның Кизляр қаласындағы 2 жарылыс құрбандарының саны 12-ге дейін өсті. 20-дан астам кісі жараланды.

Дағыстан ішкі істер министрлігінің дерегі бойынша, қаза тапқандардың көпшілігі – полицейлер, оның ішінде Кизляр ішкі істер бөлімінің бастығы мен республика прокуратурасының құрамындағы тергеу басқармасының қызметкері болды.

Ресейдің ішкі істер министрі Рашид Нұрғалиев хабарлағандай, бірінші жарылыс полицейлер құжаттарын көрсеткісі келмеген бейтаныс кісілер отырған автокөлікті қуып келе жатқан кезде Ішкі істер министрлігі мен Федералдық қауіпсіздік қызметі ғимараттарының және гимназия маңында болды.

Көп ұзамай оқиға болған жерге полицейлер жиналған кезде полицейше киінген жанпидашыл екінші жарылғышты іске қосты.
XS
SM
MD
LG