Accessibility links

Ауғанстанның оңтүстігінде жарылыс болды


Ауғанстанның оңтүстігіндегі Гильменд өлкесінде жанпидашыл-террорист іске асырған жарылыстан кем дегенде 7 адам қаза болды. 20-дан астам кісі жараланды.

Жергілікті биліктің өкілі хабарлағандай, қастандық өлкенің әкімшілік орталығы – Лашкар-Гаһ қаласының төңірегінде болды.

Бұл шабуыл ауғандықтарды көкнәр егуден бас тартқызу бағдарламасы бойынша дихандардың тобына егетін тұқым үлестіріп жатқан сәтте жасалды.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG