Accessibility links

Иранның ядролық мәмілегері Қытайға сапармен барды


Иранның ядролық мәмілегері елінің ядролық мәселесіне қатысты Қытай жетекшілерімен келіссөздер жүргізу үшін Бейжіңге сапарын бастады.

Саид Жалилидің бұл сапары Батыс елдері мен Ресейдің ядролық жұмыстарын тоқтатпай отырған Теһранға қарсы қатаң санкциялар енгізуімен Қытай келісетінін байқатқан соң болып отыр.

Батыстың Иран ядролық қару жасамақшы деген қаупін Теһран жоққа шығарады. Қытай БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің вето қою құқы бар мүшесі болғандықтан, Бейжің Иранға қарсы жаңа қарарға кедергі жасай алады. Батыс ресмилерінің айтуынша, осыған дейін Иранға қарсы қадамдарға қарсы болып келген Қытай Теһранға төртінші мәрте салынуы мүмкін санкцияларды қолдауға дайын сияқты.
XS
SM
MD
LG