Accessibility links

Мұсылман ғалымдар Ресейдегі шабуылдарды айыптады


Ондаған елдің мұсылман ғалымдары Мәскеу мен Дағыстандағы лаңкестік шабуылдарды айыптап отыр. 24 ғалым, олардың ішінде Ресейдегі танымал муфтийлер қол қойған мәлімдемеде бұл қылмыстық әрекеттер ислам қағидаларына қайшы келеді делінген.

Дубайдағы Калам зерттеу және баспасөз ортылығы жариялаған мәлімдемеге сәйкес, ислам адам өмірінің құндылығын қорғайды және мұндай мейірімсіз әрекеттерді ақтауға келмейді.

Мәлімдемеге қол қойғандардың арасында Мысыр, Сирия, Ливан, Босния, Ресей елдерінің муфтийлері мен Үндістан, Таяу Шығыс, Еуропа және АҚШ мемлекеттеріндегі ірі ислам университеттерінің өкілдері бар.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG