Accessibility links

Қызылағаштағы апаттан құрбан болғандардың саны 45-ке жетті.


Алматы облысы Қызылағаш ауылындағы су тасқынынан қаза болғандардың саны 45-ке жетті деп хабарлады төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігі.

Бейсенбі күні құтқарушылар апаттан қаза болған бір тұрғынның мәйітін іздестіру жұмыстарын жүргізді.

Наурыздың 11-нен 12-не қараған түні Қызылағаш ауылына жақын жерде орналасқан су бөгенінің бұзылуы салдарынан елдімекенді су шайып кеткен болатын.
XS
SM
MD
LG