Accessibility links

Алматы-Мәскеу пойызы «телефон терроршының» шабуылына ұшырады


Алматы-Мәскеу бағытындағы №8 пойызының жолаушылары бейсенбі күні жарылғыш қауіпіне байланысты эвакуацияланды деп хабарлады РИА Новости.

Ресейдегі Саратов облысының милициясы пойызға жарылғыш қойылған деп жалған мәлімет түсірген «телефон терроршыны» іздестіріп жатыр.

Пойыздағы 307 жолаушы және бригаданың 25 мүшесі Аткарск станциясында эвакуацияланды. Тексеру нәтижесінде пойыздан жарылғыш табылмады.

Жолаушы пойызы жоспардағы уақыттан бес сағатқа кешікті.
XS
SM
MD
LG