Accessibility links

АҚШ Карзайдың шетел өкілдеріне қатысты айыптауларымен келіспейді


АҚШ Ауғанстан президенті Хамид Карзайдың өткен жылғы президенттік сайлаудағы заң бұзушылықтарға шетелдік өкілдердің қатысы бар деген айыптауларын жоққа шығарды.

АҚШ мемлекеттік департаментінің өкілі Филип Кроули Вашингтон Карзайдың ойымен «келіспейді» деп мәлімдеді.

Бейсенбі күні Кабул қаласында ауған сайлау комиссиясының өкілдерімен кездескен Карзай 2009 жылдың тамызындағы сайлауда заң бұзушылықтар болды, бірақ оған ауған халқының қатысы жоқ деп айтты. Карзай БҰҰ-ның Ауғанстандағы өкілінің бұрынғы орынбасары Питер Гэйлрейт пен сайлаудағы Еуроодақ қызметінің басшысы Филипп Морийонды сайлау комиссиясының жұмысына араласқан деп айыптады.

Гэйлрейт ақпарат агенттіктеріне берген сұхбатында Карзайдың мәлімдемесін «бірінші сәуір әзілі» деп бағалап, ауған президентін «сенімсіз одақтас» деп атады.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG