Accessibility links

Мәскеудегі шабуылды бүлікшінің жесірі жүзеге асырды деп хабарланды


Ресей бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, тергеушілер Мәскеудегі шабуылдарды жүзеге асырған жанкештілердің бірі Кавказдағы бүлікшінің жасөспірім жесірі екендігін анықтаған. Шабуылдашының аты-жөні 17 жастағы Женнет Абдурахманова деп жарияланып отыр. Ол Дағыстанның Хасавюрт аймағында тұрған исламшыл бүлікші Умалат Магомедовтың жесірі делінеді. Умалатов 2009 жылы өлтірілген болатын.

"Коммерсант" басылымында Абдурахманова мен Магомедовтың қару ұстап тұрған суреті жарық көрді. Хабарларға қарағанда, тергеушілер екінші жанкештінің кавказдық бүлікшімен тұрмыс құрған шешен әйелі болуы мүмкін екенін айтып отыр.

Дүйсенбі күні Мәскеудегі метро станцияларында орын алған екі жанкештілік жарылыстан 39 адам қаза тапқан болатын.
XS
SM
MD
LG