Accessibility links

Пан Ги Мун Орта Азияға сапарын Бішкекте жалғастырды


БҰҰ-ның бас хатшысы Пан Ги Мун өзінің Орталық Азияға сапарын сенбі күні Қырғызстанда жалғастырды.

Пан Ги Мун бұл аймаққа сапарын жұма күні Түркменстаннан бастап, президент Гурбангулы Бердімұхамедовпен кездесіп, ел билігін адам құқықтары жағдайын жақсартуға шақырған. Пан Ги Мунның сапарында түркмен билігі елдегі ахуалды зерттеу үшін БҰҰ-ның адам құқықтары жөніндегі арнайы баяндаушысын шақыруға келіскен.

БҰҰ бас хатшысы сондай-ақ, Түркменстанның елдегі жүйелерді халықаралық талаптарға сай ету ұсынысын оң қабылдағанын айтты. Түркменстан ресмилері тарапынан бұған қатысты әзірге ештеңе айтылған жоқ.

AzattyqTV

Кәсіподақ басшысы соты

Елеусіновке таққан айыпты оқыды

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG