Accessibility links

Ресей түрмелерінде жанкештілік әрекеттер жасалды


Ресейдің оңтүстігіндегі Саратов аймағындағы жазалау мекемелерінде отырғандардың кемінде 10-ы білектегі тамырын кесіп, жаппай жанкештілікке барған.

Прокуратураның айтуынша, сотталғандар Энгельс қаласындағы жазалау колониясында күнделікті далаға шығудан бас тартқаны үшін бір адамдық камераға отырғызылған.

Өздеріне қол жұмсаған тұтқындарға медициналық көмек көрсетілген. Хабарларға қарағанда, бұл оқиғаға 15 шақты сотталған қатысты.
XS
SM
MD
LG