Accessibility links

Карзай дау туғызған сөзінен кейін Вашингтонмен сөйлесті


Ауғанстан президенті Хамид Карзай елдегі сайлаудың бұрмаланғаны үшін халықаралық қауымдастықты айыптаған сөздеріне қатысты жұма күні АҚШ мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтонға телефон шалып, бұрынғы айтқандарын жұмсартуға тырысқан.

АҚШ мемлекеттік департаментінен хабарланғандай, Хиллари Клинтон ол айтылғандарға байланысты Карзайды әңгімеге тартып, оны сөздерін дұрыс құруға шақырған. Сонымен қатар президент Хамид Карзай Клинтонмен сөйлескенде, халықаралық қауымдастықтың Ауғанстанға қосқан үлесі үшін алғысын айтқан.

Карзай бейсенбі күнгі сөзінде тамыз айында өткен Ауғанстанның даулы сайлауындағы бұрмалаушылықтар үшін шетелдік ресмилерді айыптаған. Ол сондай-ақ шетелдіктерді өз үкіметін әлсіретуді көздеп отыр деп кінәлаған.

AzattyqTV

Вашингтонға әйелдер маршы

Әлем елдері үн қосқан шеру

XS
SM
MD
LG