Accessibility links

Мәскеу метросын жарған жанкешті әйелдің бірі анықталды


Ресейдің құқық қорғау органдары хабарлағандай, наурыздың 29-да Мәскеу метросының "Парк культуры" аялдамасында жарылыс жасаған екі әйелдің бірінің кім екені анықталды. Терроризмге қарсы комитеттің хабарына қарағанда, беліне байлаған жарылғыш заттың бірін метрода іске қосқан 18 жастағы Джанет Абдурахманова деген Дағыстан тұрғыны болған.

Ресей прокуратурасы жанында құрылған тергеу комитеті "Лубянка"аялдамасында жарылыс жасаған екінші жанкешті әйелдің кім екені тексеріліп жатқанын айтты.

Жұма күні Мәскеу метросындағы жарылыстардан құрбан болғандар саны 40-қа жетті. Ауруханада жатқан жаралылардың бірі жан тапсырған. Жарақат алған тағы 84 адам ем қабылдауда.

Бұл шабуылға жауапкершілікті шешен жікшілдерінің жетекшісі Доку Омаров алды.

AzattyqTV

Қырғызстан

Саматтың арманы

XS
SM
MD
LG