Accessibility links

Пан Ги Мун қырғыз журналистерінің жағдайына алаңдады


Бүгін Қырғызстанда сапармен жүрген БҰҰ-ның бас хатшысы Пан Ги Мун бұл елдегі тәуелсіз ақпарат құралдарының қудаланып жатқанына алаңдаулы екенін айтты.

Рейтерс агенттігі БҰҰ-ның ресми өкіліне сілтеме жасап хабарлағандай, Пан Ги Мун бұл алаңдаушылығын Бішкекте сыртқы істер министрі Қадырбек Сарбаевпен кездесуінде айтқан. БҰҰ басышысының сапары алдында ғана қырғыз полициясы жергілікті телеарнаға тінту жүргізіп, жабдықтарын тәркілеп алған.

Орта Азия елдерінде сапармен жүрген Пан Ги Мун жұма күні Түркменстанда болып, президент Гурбангулы Бердімұхамедовпен кездесті. Ол ел билігін адам құқықтары жағдайын жақсартуға шақырған.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG