Accessibility links

Мәскеуде қауіпсіздік шаралары күшейтіліп, жұрт пасханы тойламақшы


Ресейде православиелік діни дәстүр бойынша пасха мерекесіне жүзмыңдаған адам жиналып, бұл шараға орай Мәскеудің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге 11 мыңдай полиция тартылды.

Қаланың қауіпсіздік шаралары 40 адамның өмірін қиған метродағы шабуылдардан кейін күшейтіліп отыр.

Ресейдің Православ шіркеуінің басшысы патриарх Кирилл сенбінің түнінде пасхаға арналған діни жоралғыны орындайды. Оған бірқатар саясаткерлер мен ресмилер қатысып, шара телеарна арқылы көрсетіледі.

Ресейдің Ішкі істер министрлігі елдің бірқатар аймағына 100 мың полиция мен 3,500 жасақ тартылды деді.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG