Accessibility links

Пан Ги Мун қырғыз жетекшілеріне адам құқтары қорғалуы керек деді


БҰҰ-ның бас хатшысы Пан Ги Мун сенбі күні Қырғызстан жетекшілерімен кездесуінде бұл елдегі адам құқықтары проблемаларын сынады. Қырғызстан парламентінде сөйлеген Пан Ги Мун бұл елдегі соңғы оқиғаларға өзінің алаңдап қалғанын айта келе, "мен қайталаймын: Адам құқықтары қорғалуы тиіс, оның ішінде сөз бостандығы мен баспасөз еркіндігі сақталуы керек" деді.

Пан Ги Мунның назарын елдегі адам құқықтары жағдайына аударуды көздеген шерушілер парламент ғимаратына барған БҰҰ басшысына "бізге көмектесіңіз", "азаттық" деп айқайлады. Полиция оларды күшпен таратты.

Бас хатшы тікелей Қырғызстан президенті Құрманбек Бакиев және сыртқы істер министрі Қадырбек Сарбаевпен кездесті. Ел жетекшілерімен келіссөздерін құрылымды түрде болды деді Пан Ги Мун.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG