Accessibility links

БҰҰ-ы басшысы сапарын Өзбекстанда жалғастырады


БҰҰ-ның бас хатшысы Пан Ги Мун екі күндік сапармен Өзбекстанға барады. Оның Орта Азия елдеріне сапары жұма күні Түркменстаннан басталған.

Сенбі күні Қырғызстан парламентінде сөйлеген сөзінде Пан Ги Мун бұл елді адам құқықтарын сақтамай отыр деп сынады. Ел оппозициясы да алаңға жиналып, БҰҰ-ның басшысына көмектесіңіз, бізге азаттық керек деп айқайлады.

БҰҰ басшысының сапары алдында ғана қырғыз полициясы тәуелсіз телеарнаға рейд жүргізіп, тікелей эфирге шығатын жабдықтарын тартып алған.

Human Rights Watch Пан Ги Мунды Орталық Азияға сапарында аймақ жетекшілерін өз елдеріндегі адам құқықтарының бұзылуы мен сөз бостандығының шектелуіне назар аудартуға шақырған.
XS
SM
MD
LG