Accessibility links

Союз ғарыш кемесі ғарыш бекетіне жетті


Ресейдің ғарыш агентігінің хабарлауынша, американдық астронавт пен екі ресейлік космонавы бар «Союз» ғарыш кемесі халықаралық ғарыш бекетіне сәтті жетті.

Ресейдің бақылау миссиясының өкілі Валерий Лындин бұл ғарыш кемесі орбита бекетіне түйісу жүйесі арқылы аялдаған.

Жұма күні Қазақстанның ғарыш айлағынан ұшырылған «Союз» кемесінде американдық Трейси Дайсон, ресейлік Александр Скворцов және Михаил Корниенко бар.

Үш күннің ішінде АҚШ-тың "Дисковери" шаттлы да халықаралық ғарыш бекетіне жетеді.
XS
SM
MD
LG