Accessibility links

Ауған президенті мен АҚШ генералы Қандағарға барды


Бүгін Ауғанстан президенті Хамид Карзай мен АҚШ генералы Стэнлей МакКристал жергілікті тайпа жетекшілерімен келіссөздер өткізу үшін оңтүстіктегі Қандағар қаласына бірге ұшып барды.

Associated Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, талибандар бақылауындағы бұл аймаққа сапар АҚШ пен НАТО-ның әскери операциясы қарсаңында жергілікті жетекшілерден саяси қолдау табу үшін жасалып отыр.

АҚШ президенті Барак Обаманың уәде берген 30 мың жасағының көбісі Қандағар қаласы мен провинцияда орналасады. Карзай мен МакКристалдың сапарына байланысты қауіпсіздік жағдайы күшейтілді.

Ауғанстан президенті мамырдың 2-нен бастап бүлікшілермен бітімге келуді таныту үшін тайпалық бейбіт жырға жиынын өткізетінін айтты.

AzattyqTV

Атыраудағы Наурыз

"Киіз үйге кіргізбеді"

XS
SM
MD
LG