Accessibility links

Пан Ги Мун Арал теңізін “ең сұмдық апат” деді


БҰҰ-ның бас хатшысы Пан Ги Мун тартылып бара жатқан Арал теңізі бүкіл планетадағы ең ауыр апаттың бірі деді. Ол Орталық Азия жетекшілерін қоршаған ортаның проблемасын шешуде ынтымақтаса әрекет етуге шақырды.

Аймаққа сапармен барған бас хатшы Пан Ги Мун Арал теңізіне тікұшақпен барды. Кезінде таза суы бойынша әлемдегі төртінші орында болған Арал теңізі Совет Одағының мақта өндірісіне суын пайдаланғаннан 90 пайызға тартылып қалған.

Өзбекстанның батысындағы Нүкіс қаласына барған Пан Ги Мун барлық ортаазиялық жетекшілерді бірлесе отырып, Арал теңізінің проблемасын шешуге жол табуға шақырды.

Пан Ги Мун жексенбі күні кешкісін Өзбекстан президенті Ислам Каримовпен де кездеседі.
XS
SM
MD
LG