Accessibility links

Иран осы айда ядролық қарусыздану конференциясын өткізеді


Жексенбі күні Иран осы айдың соңында ядролық қарусыздану конференциясын өткізу жоспары туралы хабарлады. Мемлекеттік ИРНА ақпарат агенттігі ядролық келісім жүргізуші Саид Жалилидің Қытай бұл бастаманы оң қабылдады және сәуірдің 17-18-і күндері өтетін конференцияға қатысатын болады деген сөзін келтіріп отыр.

Қытай БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты мүшелерінің бірі әрі Иранның даулы ядролық бағдарламасына қатысты БҰҰ-ның жаңа санкцияларына қарсы болып келген. Батыс елдері Иранды ядролық қару жасамақшы деп айыптайды, бірақ Теһран ядролық жұмыстары бейбіт мақсатта екенін айтады.

Иранның “Ядролық энергия бәрі үшін, ядролық қару ешкімге емес” деген конференциясы сәуірдің 12-сі мен 13-і күндері Вашингтонда өтетін халықаралық ядролық қауіпсіздік конференциясынан бірер күн өткенде болмақшы.
XS
SM
MD
LG