Accessibility links

Бағдадтағы жарылыстар 30-дан аса адамның өмірін қиды


Бүгін Бағдадтың орталығында болған үш бірдей жарылыстан кемінде 30 адам қаза тауып, 100 шақты кісі жарақат алды. Ирақтың қауіпсіздік ресмилері бұл жарылыстар дипломатиялық миссияларды нысанаға алған деді.

Қуатты жарылыстардың бірі Бағдадтағы Иран елшілігінде болған. Тағы бірі Мысыр елшілігі жанында болса, үшінші жарылыс Германия елшісінің резиденциясын нысанаға алған.
XS
SM
MD
LG