Accessibility links

Британиялық жұп Дубай сотының үкіміне қарсы тағы шағым түсіреді


Дубайда қоғамдық орында сүйіскені үшін қамауға алынған британиялық жұптың апелляциялық шағымы қанағаттандырылмады. Сот оларға шығарылған осыған дейінгі үкімді күшінде қалдырды.

Британия эмигранты 24 жастағы Айман Нажафи мен британиялық турист Чарлотта Адамс қоғамдық ортада сүйіскені үшін сот үкімімен 300 доллар айыппұл мен бір айлық түрме жазасын алған.

Дубай тұрғынының британиялық жұп көшеде бір-бірінің еріндерінен сүйді деген айыптауынан кейін олар 2009 жылдың қарашасында қамауға алынған. Бірақ кейін кепіл ақшамен босатылған болатын.

Британиялықтар өздерінің бұл елде рұқсат етілгендей беттерінен ғана сүйгенін айтып, сотқа екінші рет апелляциялық шағым түсірмекші.
XS
SM
MD
LG