Accessibility links

НАТО әскерилері Ауғанстанда бейбіт тұрғындарды абайсызда өлтіргендерін мойындады


Ауғанстанда НАТО басшылығындағы халықаралық коалициясының әскерилері, арасында үш әйел бар бес бейбіт тұрғынды атып тастағаны үшін жауапкершілікті мойындарына алды.

Әскерилердің таратқан мәлімдемеде «бес ауғандықтың өліміне қатысты жауапкершілікті халықаралық әскерилер өз мойнына алатындығы» хабарланған.

Оқиға 12 ақпанда елдің шығысындағы Пактая провинциясының Гардез ауданында болған. Солдаттар ауғандықтардың үйінің біріне кіре саласымен қарулы адамдар көріп қалып оларға оқ жаудырған. Кейінірек әскерилер оларды қателесіп атқандарын мойындады.
XS
SM
MD
LG