Accessibility links

Алматы және Шығыс Қазақстан облысындағы өзендерде тасқын болуы мүмкін


Таяу күндерде Алматы және Шығыс Қазақстан облысындағы өзендерде тасқын болуы ықтимал деп хабарлайды Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.

Таратылған ақпаратқа сәйкес, 5-сәуірде «жаңбырға, ауа температурасының көтерілуіне және таулардағы қардың ери түсуіне байланысты Алматы облысындағы өзендерде тасқын болады деп күтілуде; әсіресе Талдықорған өңіріндегі Тентек, Қаратал, Көксу, Лепсі, Ақсу өзендерінде тасқын болуы мүмкін».

Сондай-ақ, 5-6 сәуірде жаңбырға және ауа температурасының көтерілуіне байланысты Шығыс Қазақстан облысындағы өзендерде су деңгейі көтеріліп, тасқын болады деген болжам бар.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG