Accessibility links

Қырғыз оппозициясы жаппай шерулер өткізбекші


Қырғызстан оппозициясы елде жаппай наразылық шараларын өткізуді жоспарлап отырғанын айтады.

Бұрынғы сыртқы істер министрі, оппозиция жетекшісі Роза Отунбаеваның хабарлауынша, "Біріккен халық қозғалысы" коалициясы сәуірдің 7-нен бастап, елдегі жемқорлыққа қарсы және тәуелсіз бұқаралық ақпарат құралдарының қудалануына байланысты шерулер өткізбекші. Отунбаеваның айтуынша, Қырғызстан президенті Құрманбек Бәкиевтің отбасы негізгі үкіметтік қызметтерді иеленіп, оппозиция мен сөз бостандығына шабуылдарын одан әрі жалғастыруда.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG