Accessibility links

Ингушетияда жанкешті кісі 2 полицейді өлтірді


Ресмилердің айтуынша, Ресейдің Солтүстік Кавказындағы Ингушетияда орын алған жанкештілік жарылыстан 2 полиция қызметкері қаза тапқан. Ішкі істер министрлігінің баспасөз хатшысы Олег Ельниковтың мәлімдеуінше, дүйсенбі күні Карабулак қаласында бір жанкешті полиция бекеті жанында өзін-өзі жарып жіберген.

Өткен аптада Ресей астанасы мен Дағыстанда орын алған жанкештілік шабуылдардан 50 адам құрбан болған еді.
XS
SM
MD
LG