Accessibility links

Талибан: АҚШ консулдығына шабуылды біз ұйымдастырдық


Дүйсенбі күні Пешауардағы АҚШ консулдығы жанында орын алған шабуылға байланысты жауапкершілікті пәкістандық Талибан бүлікшілері өз мойнына алды. Бұл туралы Талибан баспасөз хатшысы Азам Тариқ "Рейтерс" ақпарат агенттігіне белгісіз жерден телефон шалып хабарлады. Ол американдықтарды "дұшпандар" деп атап, осыған ұқсас тағы бірқатар шабуылдар жоспарлануда деп ескертті.

АҚШ консулдығы жанындағы бірнеше жарылыстан үш күзетші қаза тапты деп хабарлайды барлау ресмилері.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG