Accessibility links

АҚШ-тың көмір шахтасында соңғы 25 жылдағы ең ірі апат


АҚШ-тың Батыс Вирджиния штатындағы көмір шахтасында болған жарылыстың құрбандары 25-ке дейін өсті. Бұл АҚШ-тың көмір өндірісі саласындағы соңғы ширек ғасырда көп адамның қазасына душар еткен ең ірі апат болды.

Кемінде тағы 20 кенші жарақат алды. 4 кенші хабар-ошарсыз кеткендердің тізімінде қалды.

Шахта опырылып құлай ма деген сақтықтан құтқару жұмыстары уақытша тоқтатылды. Бірақ жағдай қалпына келісімен құтқару шаралары қайта жалғасады.

Жарылыстың себептері анықталуда.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG