Accessibility links

Пан Ги Мун Душанбеге сапарын аяқтайды


БҰҰ-ның Бас хатшысы Пан Ги Мун Орта Азияға сапарын аяқтай келе Душанбеде Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонмен келіссөз өткізді.

Оның барысында Ауғанстандағы ахуал, адамның құқын қорғауға қатысты проблемалар, сондай-ақ өзенге ірі су-электр бекеттерін салу жоспарына байланысты Тәжікстан мен Өзбекстанның арасында туған даулар талқыланды. Өзбекстан өзен суымен мақта егістіктерін суарады.

Пан Ги Мун екі жақты да сабырлыққа шақырып, бар проблеманы «әділ әрі екі үйлесімді» шешуге шақырды.

Душанбеге дейін Пан Ги Мун Түркіменстан мен Қырғызстанда және Өзбекстанда сапарда болған-ды. Сейсенбі күні кешке қарай БҰҰ-ның Бас хатшысы атбасын Астанаға бұруға тиіс.
XS
SM
MD
LG