Accessibility links

Қырғыз оппозициясы Талас облысы әкімдігін басып алды


Сейсенбі күні Қырғызстанның Талас қаласында оппозицияның 2 мыңға жуық жақтаушысы облыс әкімдігінің кеңсесін басып алды. Тілшіміздің хабарлауынша, Талас облысының әкімі қызметінен кетті. Жиналған оппозиционерлер облыстың жаңа әкімі етіп өзінің өкілін жариялады.

Митингіге жиналғандар ресми биліктен электр қуаты мен жылудың күрт көтерілген жаңа тарифтерін жоюды талап етеді.

Ал Қырғызстанның ішкі істер министрлігі облыс әкімдігінің кеңсесін басып алды деген хабарды теріске шығарып, билік ахуалды бақылауында ұстап отырғанын мәлімдеді.

Куәгерлердің айтуынша, шеруге шыққандарды қуып тарату үшін милиция көзден жас ағызатын газ бен шу гранаттарын қолданды. Соған қарамастан жиналған халық тарамай жергілікті ішкі істер басқармасының кеңсесіне қарай беттеді.
XS
SM
MD
LG