Accessibility links

Қырғызстанның Таласында оппозиция көтерілді


Қырғыз үкіметі облыстық әкімнің кеңсесі басып алынды деп хабарланған Талас қаласындағы ахуалды өзі қадағалап отырғанын мәлімдеді.

Қырғыз премьері Данияр Үсенов өзі өткізген баспасөз-маслихатында «Атамекен» партиясы төрағасының орынбасары Болот Шерниязов бастаған оппозиция өкілдері тобының облыс әкімдігі кеңсесін басып алуға тырысқанын айтты. Оларды қуып тарату кезінде полиция көзден жас ағызатын газ бен шу гранаттарын қолданды.

Ал оппозиция өкілдері Талас облысының әкімін қызметінен түсіргенін мәлімдеді. Әкімдік кеңсесі алдында митингі жалғасып, жұрт электр қуаты мен жылудың тарифтерін төмендетуді және оппозиция өкілдерін қуадалауды тоқтатуды талап етті.

Қырғызстанның Бас прокуроры Нұрлан Тұрсынқұлов Талас қаласындағы митингінің ұйымдастырушылары мен қатысушыларына қарсы қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG