Accessibility links

НАТО ауған президентіне ескерту жасады


Солтүстікатлантикалық НАТО альянсы Ауғанстан президенті Хамид Карзайды оның соңғы айтқан сөздері өз еліндегі халықаралық күштерге деген сенімді сейілтуі мүмкін деп ескертті.

Сейсенбі күні Брюссельде НАТО-ның өкілі Джеймс Аппатурай мәлімдегендей, Ауғанстандағы коалициялық күштер «зор күш-жігерін жұмсап, шығынға түсуде», оны ауған халқы мен ел басшылығы лайықты бағалайды деген үміт бар.

Жуырда Хамид Карзай халықаралық өкілдерді өткен жылғы президент сайлауындағы бұрмалаушылықтарға қатысы бар деп айыптады. Көп ұзамай ол АҚШ пен оның одақтастарына жаңа кінә тағып, коалицияның әрекеті оған қарсылық көрсетіп жатқан тәліптердің іс-қимылын ақтауы мүмкін деп мәлімдеді.

AzattyqTV

27 наурыз

AzatNews

XS
SM
MD
LG