Accessibility links

Қырғызстанда оппозиция жетекшілері ұсталып, 30-ға жуық адам жарақат алды


"Қырғызстанның Талас қаласында сейсенбі күнгі толқулар мен милицияның арасында болған қақтығыстан 30-ға жуық адам жараланды, олардың бірқатарының жағдайы ауыр", - деп Азаттық радиосына Талас қалалық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары хабарлады.

Талас қаласы ішкі істер басқармасының ғимаратына шабуылдаған оппозиция жақтастарына қарсы көзден жас шығаратын газ қолданылған.

Одан өзге, кешегі болған наразылық шарасынан кейін қырғыз оппозициясының белгілі өкілдері ұсталды. Олардың арасында “Ата мекен” партиясынын төрағасы Өмірбек Текебаев, “Улуу биримдик” партиясынын төрағасы Эмил Қаптағаев, Дүйшөн Чотонов, Анвар Артыков, Болот Шерниязов бар.

Сондай-ақ осы түні арнайы қызмет тобы қырғыз социал-демократтарының жетекшісі Алмазбек Атамбаевты да үйінен күшпен алып кеткендігі жайында хабарланып отыр.
XS
SM
MD
LG