Accessibility links

Қырғыз оппозициясының жетекшілері куәгерлер ретінде жауапқа тартылуда


Қырғызстанның заң орындары ұстаған бірқатар оппозиция жетекшілерінен куәгерлер ретінде жауап алынады, тергеу барысында оларға айып тағылуы да мүмкін. Бұл туралы оппозиция жетекшілерінің ұсталуына қатысты түсініктеме берген Қырғызстан бас прокуроры Нұрлан Турсунқұлов мәлімдеді.

Елдің премьер-министрі Данияр Үсенов бүгінде Талас қаласы мен өзге де аймақтардағы жағдай қалыпты деді. Таласқа Қырғызстанның ішкі істер министірі Молодомуса Конгантиев барды.

"Таластағы наразылық шарасы барысында 85 құқық қорғау қызметкері түрлі жарақат алған. Олардың арасында 19 қызметкер ауруханаға жатқызылған, олардың төртеуі жансақтау бөлімінде жатыр", – деп хабарлады Қырғызстанның ішкі істер министрлігі.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG