Accessibility links

Сариевтің Путинмен кездесуіне қатысты ақпаратқа қырғыз премьері күмәнді


«Ак Шумкар» партиясының жетекшісі Темір Сариевтің Мәскеуде Ресей үкіметінің басшысы Владимир Путинмен кездескендігі жайлы ақпарат әлі анықталуы тиіс", - деді Қырғызстан премьер-министрі Данияр Усенов.

Ол бүгіннен қалдырмай Ресей Федерациясының Қырғызстан Республикасындағы елшісі В.Власовпен сөйлесетіндігін жеткізді. Әзірге анықталмаған ақпараттар бойынша, Владимир Путин Темір Сариевпен кездесу өткізіп, қырғыз оппозициясына өзінің қолдау көрсететіндігін жеткізген.

Бүгін таңертең Мәскеуден ұшып келген Темір Сариев Бішкектегі "Манас" әуежайында ұсталған болатын.
XS
SM
MD
LG