Accessibility links

Қырғызстандағы «Стан-ТВ» тәуелсіз видеопорталының редакторы ұсталды


Бүгін Қырғызстандағы «Стан-ТВ» тәуелсіз видеопорталының бас редакторы Кирилл Степанюкті сол елдің қаржы полициясының қызметкерлері ұстап алып кеткен.

- Бізге бүгін таңертең қаржы полициясының қызметкерлері келды. Олар өздерімен бірге тінту туралы хаттама алып келді. Одан кейін біздің бас редакторымыз Крилл Степнюкті қаржы полициясының тергеушісіне алып кетті, - деді «Азаттыққа» түсініктеме берген видеопорталдың Зинаида есімді үйлестірушісі.

Бас редактордың өзінен қандай да бір ақпарат алу мүмкін болмады, оның телефоны жауап бермейді.

Ал видеопортал өкілінің айтуынша, қаржы полициясы видеопортал редакциясы отырған кеңсені мөрлеп кеткен.
XS
SM
MD
LG