Accessibility links

Қырғызстанда наразылық ереуілі жалғасуда


Қырғызстанда оппозицияның наразылық ереуілі жалғасуда. Жергілікті тілшіміздің хабарлауынша, Нарын қаласында оппозиция өкілдері облыс әкімдігінің кеңсесін басып алды. Сейсенбі күні облыс әкімінің кеңсесі басып алынған Талас қаласының орталық алаңындағы митингіге 7 мыңдай адам жиналды.

Бішкекте полиция ұсталғандарды босатуды талап еткен шерушілерді қуып тарату үшін көзден жас ағызатын газ қолданды. Тілшіміздің хабарлауынша, ұсталғандардың ішінде оппозицияның бірнеше көсемі, оның ішінде Роза Отынбаева да бар.

Шеруге шыққандар президент Құрманбек Бәкиевті жемқорлыққа батты, сөз бостандығын шектеді және әлеуметтік саланы құлдыратты деп айыптап, оның биліктен кетуін талап етуде.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG