Accessibility links

ЕҚЫҰ ресми Бішкекке алаңдаушылық білдірді


Бүгін Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының қазіргі төрағасы Қазақстанның мемлекеттік-хатшысы – сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев Қырғызстанның сыртқы істер министрі Қадырбек Сарбаевпен телефон арқылы сөйлесіп, қырғыз еліндегі халық толқуына терең алаңдаушылығын білдірді. Ол туралы аталған Еуропалық ұйымның Венадағы кеңсесі хабарлады.

Қ.Саудабаевтың атап көрсетуінше, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы барлық жақты да сабырлыққа шақырады және билік пен оппозицияның барлық қарама-қайшылықты қырғыз халқының мүддесі үшін саяси жауапкершілік пен даналық көрсете отырып шеше алады деген үмітін білдірді.

«Қырғызстанда қазіргі толқуға түрткі болған әлі шешілмеген терең саяси, экономикалық және әлеуметтік проблемалардың барлығын Еуропалық ұйым мойындайды. Ол проблемалар кең саяси диалог арқылы шешілуге тиіс. Ұйым ондай диалогты жеңілдетуге әзір», -деп мәлімдеді Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының қазіргі төрағасы Қазақстанның мемлекеттік хатшысы – сыртқы істер министрі Қ.Саудабаев.
XS
SM
MD
LG